Қазақстан: бейресми діни бірлестіктерді бақылау күшейеді
Құқыққорғаушылар жаңа заңның қабылдануымен елде «дін және сенім бостандығына қол сұғу жиілейді» деп алаңдайды.
Қазақстан: бейресми діни бірлестіктерді бақылау күшейеді
Құқыққорғаушылар жаңа заңның қабылдануымен елде «дін және сенім бостандығына қол сұғу жиілейді» деп алаңдайды.
Көкшетау қаласының (Ақмола облысы) арнайы әкімшілік соты «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің өкілі Андрей Королевты ақтап шықты. Ал 2013 жылы дәл сол сот «заңсыз миссионерлік насихат» үшін оған 1000 АҚШ доларынан астам көлемде айыппұл салған еді. Сот заңсыз айыпталғаны үшін одан кешірім сұрап, айыппұлды инфляция есебімен қайтаруды ұйғарды. Бұл «Иегово куәгерлеріне» қатысты осыған ұқсас бесінші шешім. Ол шешімдерге қол жеткізу үшін БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетке арыздану, ол жерде Қазақстанның дін және сенім бостандығын шектейтіні туралы шешім шығаруы негіз болды.
Сонымен қатар Қазақстан «Иегова куәгерлері» өкілі Теймур Ахмедовты бостандыққа шығарды. Оны және оның астаналық әріптесі Асаф Гулиевті 2016 жылы жеке пәтерде отырып дін туралы айтқан әңгімелері үшін «діни алаузыдықты қоздырды» деген баппен айыптап, қамаған еді. 2018 жылы 4-сәуірде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Теймур Ахмедовқа рақымшылық жасалды. Қысыммен өз кінәсін мойындаған Асаф Гулиев бес жылға шартты түрде сотталды. Басқа жағдайлардағы сияқты бұл кезде де БҰҰ Адам құқығы жөніндегі Комитеттің шешімі шығуын күтуге тура келді. Бұдан ертерек, 2017 жылдың 9-қазанында «Жетінші күн адвентистері» шіркеуінің өкілі, діни алауздықты қоздырды деп айыпталған Ықылас Қабдуақасов бостандыққа шыққан еді.
Соған қарамастан, Христиан орталығының мәліметі бойынша 2017 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың шілде айы аралығында 59 Иегова куәгерлері ұсталып, олардың оны дін туралы әңгіме үшін, оның ішінде өз үйлерінде болған әңгіме үшін әкімшілік жазаға тартылған.
«Иегова куәгерлері» Христиан орталығының бұл азғантай жеңістері бейресми ислам ағымдары мен Астананың саяси оппоненттеріне қатысты сот шешімдерінің қасында кішкентай ғана ерекшелік. Айта кету керек, соңғы жарты жылда елде христиан бейресми діни ағымдарына шабуыл біршама сейілген. Мүмкін, парламент сәйкесінше заңды дайындап, ол тез арада қарауға жөнелтілгені себеп болған шығар. Дінге қатысты жаңа заң жобасында бейресми діни ағымдарға заң жүзінде қысым жасаудың нормалары қарастырылған.
—Иегова куәгерлері саяси бейтараптық сақтауда, ал біз мемлекеттің қандай да шешіміне баға бере алмаймыз. Бірақ, үкіметтің бейбіт түрде өз дінін насихаттауға мүмкіндік беруіне біз қуаныштымыз, — дейді Қазақстандағы Иегова Куәгерлері Христиан орталығы баспасөз қызметі.
Қазақстанда ресми дін ретінде исламның сүннет бағыты мен христиан православ шіркеуі мойындалған. Халықтың 70 пайыздан астамы өздерін мұсылман, 26 пайызы христиан деп таниды. Ал оның ішінде 17 пайызы ғана діни ұйғарымдарды орындайтынын мойындайды. Сонымен қатар, мемлекет билігі иудаизм, буддизм және католик шіркеуіне толерантты қарайды. Алайда, Қазақстанда бейресми саналатын басқа ағымдар өкілдері үнемі қудалау мен дискриминацияға ұшырайтындарын айтады.
2014 жылдың наурыз-сәуір айларында БҰҰ дін және сенім бостандығы бойынша арнайы есепшісі Хайнер Билефельдт көптеген арыз-шағымнан кейін Қазақстанға арнайы сапармен келді. 2011 жылы қабылданған «Діни бірлестіктер және дінге қатысты» заң жұмысқа кіріскен шақтан құқыққорғаушылар жағдайдың күрт нашарлағанын айтып, дабыл қаққан еді. Ол заң тіркелмеген діни бірлестіктердің жұмысына толық тиым салумен қатар, тіркеу процедурасын да әлдеқайда қиындатқан еді. Заңға сай қайта тіркеу процесінен кейін 4551 діни бірлестіктен 3088 ғана қалды. Сонымен қатар, жаңа заң миссионерлік қызмет пен діни әдебиетті таратуға арнайы орындардан басқа жерлерде тиым салды.
Арнайы есепші еліміздегі заңның діни практикаға, әсіресе діни асшылықтарға кедергі жасайтынын ескерді.
Хайнер Билефельдт дін туралы заңға өзгеріс енгізіп, міндетті тіркеу, миссионерлік қызметті тіркеу, және діни әдебиет цензурасы сияқты жерлерге өзгеріс енгізуді ұсынды.
«Тіркелмеген бірлестіктер мәжбүрлеу мен дискриминациядан қорықпай өз қызметін атқаруы керек», - деді арнайы есепші Қазақстанға сапарынан кейінгі брифингте.
2015 жылдың 11 қыркүйегінде БҰҰ бейбіт жиындар және бірлестіктер бойынша арнайы есепшісі Майна Киаидың Қазақстанға сапарынан кейінгі есебінде де діни азшылық мәселесі айтылды.
«Арнайы есепшіні діни негіздегі бірлестіктер құруға заңдық кедергілердің көптігі алаңдатады», - делінген. Майна Киаи Билефельдің барлық қауіптері мен ескертулерін, оның ішінде қайта тіркеуге қатысты құптады.
«Мемлекет билігі өз еркімен барлық адамның кез-келген құқығын, оның ішінде қандай да себеппен дискриминацияға ұшырамауын қамтамасыз ету керек. Ал ресми билік өкілдері Майна Киаиді дін туралы заңға болашақта өзгертулер енуі мүмкін деп сендірді.
Алайда, елде Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің бір де бір ескертуін назарға алмастан, бейресми діни ағымдарды әкімшілік, қылмыстық заңмен қудалау жалғасын тапты.
Христиан бағытындағы ұйымдардың ең көп санкцияға ұшырағаны евангель христиан-баптистер. Олардың діні мемлекетпен қандай да қарым-қатынасты мойындамайды. «Иегова куәгерлері» де солай. Олар есіктен есікке принципін ұстанады.
2018 жылдың шілде айына дейін Forum 18 сенім бостандығын қорғайтын христиан бастамасы жарты жыл ішінде діни азшылыққа қарсы 79 әкімшілік істің болғанын санаған. Олардың көпшілігі христиан-баптистердің үстінен. Әдетте ондай ұстау шаралары полиция, арнайы қызмет және жергілікті әкімшілік күшімен жасалады. Сонымен қатар, қазақстандық арнайы қызмет өзінің адамдарын сол ұйымдарға енгізіп, оларға аудио, видео жасатып, керек кезде сол айғақтармен кез-келгеніне іс қозғайды.
Әкімшілік және қылмыстық кодексті пайдаланумен қатар, мемлекет үнемі ірі бейресми діни ағымдарға қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырып тұрады. Оған жергілікті бюджеттен ақша бөлініп, мұндай шаралар жоспарлы түрде жасалып тұрады.
«Мойындау керек, Ресейде Жоғарғы соттың Иегова Куәгерлері ұйымын заңды тұлға ретінде жойып, олардың аудармасындағы Бибилияны экстремистік әдебиет ретінде мойындауынан кейін ол жағдай бізге де әсер етіп, ксенофобия, агрессия мен жала жабудың құрбаны болдық», - дейді CABAR.asia-ға берген сұхбатында Қазақстандағы Иегова куәгерлері Христиан орталығының баспасөз қызметі өкілі Бекзат Смағұлов.
«Сол кезде көпшілік Қазақстан Ресейдің мысалымен жүреді деп санады. Екінші жағынан, дін жөніндегі министрлік пен комитет өкілдері бірнеше мәрте бізді жақтап сөз сөйледі. Солай, 2017 жылдың 19-шілдесі күні өз сұхбатында былай деді: «Біздің ұстанымымыз ол ұйым ешқандай да экстремистік емес. Бүгінгі таңда оны жабу немесе оған қысым көрсету туралы Қазақстанда еш сөз жоқ», - дейді Смағұлов.
Даулы заң жобасы
Осы жылдың маусым айында елдегі ең ірі құқыққорғау ұйымдарының бірі, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюроға бір-біріне ұқсас Иегова куәгерлерінің үстінен алты бірдей шағым түсті.
Секталарға қарсы тұратын орталықтар 2016 жылдың қыркүйек айында дін істері және азаматтық қоғам Министрлігі болып, ал 2018 жылдың шілде айында қоғамдық даму министрлігі ретінде аты өзгертілген министрліктің қолдауымен және қаржыландыруымен жұмыс істейді.
Дәл осы ұйым 2017 жылдың қараша айында таныстырылған заң жобасын дайындауға да жауапты болды. 23 мамыр күні бұл заң парламенттің төменгі палатасында мақұлданып, кейін сенатқа жіберілді, оны бекіту мерзімі 27 қыркүйекте аяқталады. Министрліктің дін істері комитетінің төрағасы болған Еркін Оңғарбаев Zakon.kz порталына, былай деді: «енгізілгелі жатқан өзгерістер мен толықтырулар республикадағы қоғамдық топтардың сұрауы бойынша жасалды. Заң жобасын дайындау барысында 100 ұсыныс түсті, оның 80 пайызы ескерілді».
Заң жобасы 53 өзгеріс пен заң актілеріне 12 толықтыру енгізуді көздеп отыр.
Өзгерістердің арасында шағын және дәстүрлі емес діни қауымдастықтардың жұмысына қатер төндіретін нәрселер бар. Тіпті православ және католик шіркеуінің өкілдері де өздерінің келіспейтін тұстарын атап өтті.
Жаңа заңға тұңғыш рет «дәни радикализм» және «деструктивті діни ағым» деген заңдық анықтамалар енгізіліп отыр. Бірақ, оның анықтамасы дау тудырарлықтай. Сонымен бірге, онда Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың құзіреті бекітіліп, олар діни бірлестіктердің қызметі заң аясына сәйкес келуін қадағалайтын органдар ретінде бекітілмек. Жергілікті атқарушы органдар бұған қоса, өздерінің елдімекеніндегі дәни ахуалды қадағалайтын болады. Егер абитуриент Қазақстанда дәни білім алмаса, немесе біздің ел мен белгілі бір діни институтпен келісім жасалып, сол білім ордасы таңдалмаса, шетелден теологиялық білім алуға шектеу қойылады. Діни ұйымдардың тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін де нормалар бар: діни бірлестіктің басшысын тағайындау үшін шетелдік дәни орталықтар бұл мәселені республиканың мемлекеттік органдарымен келісуі тиіс. Балалар мен жасөспірімдер діни рәсімдерге ересектердің қарауынсыз қатысуына тыйым салынады. Балалар лагері мен діни оқыту тек 16 жастан ғана рұқсат етіледі. Заң жобасында «дінге сенушілер мен сенбейтіндердің сезімін жаралағаны үшін» әкімшілік жаза қарастырылған. Бұл норма көрші Ресей елінде журналистерді, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын қудалау үшін кеңінен қолданылуда. Себебі, онда тікелей тіл тигізу мен зілсіз әзілдің немесе шығармашылық арасы анық көрсетілмеген.
Бұл заң жобасын талқылау тек қана медиа мен әлеуметтік желід жүргенімен, оны дайындаушылар белгілі бір өзгерістер енгізгенін хабарлады. Алайда, заң жобасының қазақстандық бенефициарлары да, сарапшы мамандар да заң жобасының соңғы әрі негізгі нұсқасын әлі көзімен көрген жоқ.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2017 жылғы әлемдегі діни еркіндік бойынша есебінінде, Қазақстан діни еркіндік мәселесі алаңдатарлық жағдайдағы, «жүйелі және шектен тыс заңбұзушылықтар» жасалатын 12 ел кірген екінші топқа енгізілді.
«Бір жылдың ішінде 20 адам діни көзқарасын бейбіт түрде білдіргені үшін түрме жазасына кесілді, оның ішінде Иегова куәгерлері мен ислам қозғалысы «Таблиғи Джамаат» өкілдері де бар. Үкіметтің аладаушылығын прозелитизм, шетелдік діни ұйымдар мен қозғалыстармен байланыс,, ресми діни саясатпен келіспеушілік немесе оның сыны тудырып отыр. Қазақстандағы христиандар, әсіресе прозелитизмге қатысатындар мен соған қатысты деген күдіктілер, лицензиясыз діни мәтін таратты деп айыпталады. Сонымен бірге, оларға тағылатын айыптардың ішінде дінді заңда көрсетілген «миссионерлік» тіркеусіз талқылады және діни рәсімдерді тіркеусіз өткізді дегендері де бар», - делінеді АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде.
«Іс жүзінде, бұл заң жобасының нормалары қойылған мақсатқа кереғар екенін көріп отырмыз. Мысалы, бұл заң жобасы мәтінінің 50 пайызы мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тіркелген діни бірлестіктердің жұмысын қадағалауды негізсіз күшейту жайына бағытталған,- дейді ол. – Егер бұл заң жобасы қабылданып кетсе біз діни еркіндік пен сенім-наным құқықтарының бұзылатынын болжаймыз, әсірісі мұндай жағдай аудан орталықтары мен ауылдарда кең белең алады».
«Бұл жағдайда мемлекет те, қоғам да ұтпайды. Мемлекет пен конфессионалды топтардың арасындағы кикілжің мемлекеттік-қоғамдық қарым-қатынасты шайқалтқысы келетін топтар үшін ғана тиімді болмақ», - деп ескертеді ол.