Таразды сенбілік атыс дүр сілкіндірді

Таразды сенбілік атыс дүр сілкіндірді

This is the spot where police captain Gaziz Baytasov, the last of seven people killed, died when the gunman blew himself up. (Photo: Larisa Taranova)
This is the spot where police captain Gaziz Baytasov, the last of seven people killed, died when the gunman blew himself up. (Photo: Larisa Taranova)

Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласының өмірі күдікті исламист лаңкес жеті адамды өлтіріп, өз-өзін жарып жіберген соң есін енді жия бастады.

12 қараша күні Мақсұт Қариев атты қылмыскер Тараздағы қару-жарақ дүкенін тонайды, екі аңшы мылтығын алып, күзетшіні және сол жерде кездейсоқ болған дүкеннің сатып алушысын өлтіреді.

Осыдан кейін ол екі полиция қызметкерінің жанын қиып, екі табелді қаруды – Макаров пистолетін және Калашников автоматын өзімен алып кетеді, бұдан кейін үйіне барып, гранатомет алып шығады. Аталған қарудан ол Тараз қаласы орталығы болып табылатын Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратына атады. Бұл атыстан ешкім зардап шекпейді, алайда атыс орнына қашқан Қариев екі атты полиция қызметкерін жаралайды.

Полиция қолға түсірерде ол өзін-өзі жарады. Жарылыс кезінде тұтқындауға тырысқан полиция капитаны қаза табады.

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Исаев 34 жастағы Қариевтың «жиһадтықтың ерушісі» болғанын мәлімдеді.

Биліктің хабарлауынша, жалпы алғанда Қариев бес адамды және екі ҰҚК қызметкерін өлтірген.

Жергілікті «Новый регион» газетінің тілшісі Виктория Савельеваның сөзіне қарағанда, бұл Қариевтың қанды іс-әрекеттерінің басында орын алған. ҰҚК қызметкерлері оны лаңкестермен байланыс бар деген күдікпен бақылауға алады. Қариев оларды өлтіріп, табельды қаруларын алып кетеді, таксистың көлігін тартып алып, қару-жарақ дүкеніне бет алады.

Савельева Қариев туралы қосымша ақпаратты бар екенін жеткізді: ол Таразға Қазақстанның солтүстігіндегі Көкшетау қаласынан келген, әйелі, екі баласы бар, бұған дейін атқыш болып әскерде міндетін өтеген.

Құқыққорғау органдарының мәліметтері бойынша, Қариев өз бетінше іс-әрекет жасаған, алайда тергеу амалдары аяқталмай тұрып мұндай қорытынды жасауға ерте деуге болады. Қала тұрғындары қауіп мұнымен біткен жоқ деп санайды.

Савельева тараздықтардың бір қалыпты көңіл-күйде екенін, алайда сақтанып отырғандықтарын жеткізді.

«Бүгін қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жерлеу рәсімі өтті. Тәртіп қызметкерлері жоғары дайындық деңгейінде», - дейді ол. Тілшінің айтуынша, патруль саны көбейтіліп, ҰҚК ғимараты қоршауға алынған.

«Жергілікті тұрғындар қорықса да, дүкендерге барады, саябақтарда қыдырады, сенбі күні болғандай қатты қауіптенбейді», - деді ол.

Жамбыл облысы Қырғызстанмен шекарада орналасқан. Көрші елдің қауіпсіздік қызметі де әскери дайындық жағдайында. Шу және Талас облыстарындағы шекаралық күзет саны арттырылды. Егер бұрын жеке куәлікті көрсету жеткілікті болса, қазір шекарадан өту үшін кедендік бекеттерде толық тексеру жүреді.

Алмаз Рысалиев, Қазақстандағы IWPR редакторы.

Conflict
Frontline Updates
Support local journalists